+7 /72433/2-16-70
120100, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, Астана көшесі, №35
Жұмыс уақыты: 9:00 - 19:00 (үзіліс: 13:00-15:00)
Жаңалықтар

 Сілтемесі: https://drive.google.com/drive/folders/13O5WVcN15h_1wOPs7J_Kmu3wQ1jnGC9N?usp=sharing 

Арал ауданы бойынша білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін 2026 жылға қалыптастыру үшін конкурс

файл: https://drive.google.com/file/d/1Xus04UyMq2jjUOvd3mJQy283F3hzpgTM/view?usp=sharing

06.10.2025
МДҰ конкурс
06.10.2025

 Арал ауданы бойынша білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру үшін конкурс

Файл конкурс 2026

 

Қызметтер

Aудандағы білім беру саласы бойынша ағымдағы жылы атқарылған шаралар туралы мәлімет

Аудандағы білім беру саласы бойынша ағымдағы жылдың 11 айында атқарылған шаралар туралы мәлімет

Мектепке дейінгі ұйым туралы: Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша 53 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, олардың 20 мемлекеттік балабақша, 13 жеке балабақша,  20 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық. 20 мемлекеттік балабақшада – 2085, 13 жеке балабақшада - 809, 20 мектеп жанындағы толық күндік шағын орталықта – 660, мектептердегі мектеп алды даярлық топтарда – 1003. Барлығы 1-6 жас аралағындағы 5966 баланың 4661-і қамтылып (78,1) отыр. Оның ішінде 1-3 жас аралығындағы 2824 баланың 409-ы бөбекжаймен қамтылып (14,4 %) 3 пен 6 жас аралығындағы                 4252 бала 100 пайыз мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтылып отыр.

2020-2025 жылдарға арналған 1-6 жастағы балалардың қамтылуын 100% жеткізудің қадамдық жоспары әзірленген.

2021 жылдың қаңтарынан бастап Жақсықылыш кентінен жеке кәсіпкер Қ.Сермуханованың 40 орындық, Арал қаласынан жеке кәсіпкерлер Г.Наурызованың 100 орындық, Г.Нұрмағанбетованың                 45 орындық, Л.Алниязованың 50 орындық, жалпы 235 орынға бөбекжай ашу жоспарланып отыр. Және де Аманөткел елді мекеніндегі «Зере» жеке балабақшасынан қосымша 15 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қарастырылуда.

2022-2025 жылдар аралығында 17 мектепке дейінгі ұйымға                  1070 орын ашылып, 1-6 жастағы балаларды 100 пайыз қамту мүмкіндігі бар.

Қазіргі таңда аудандағы барлық мектепке дейінгі 53 ұйымға                  516 педагог қызмет (жоғары білімдісі – 332, оның ішінде мектепке дейінгі 218; арнаулы орта білімдісі – 184, оның ішінде мектепке дейінгі 140; жоғары санатты – 2; І санат – 103; ІІ санат – 188) атқарады.

9 мемлекеттік (45 пайыз) және 1 жеке балабақшада («Нұр-Ай») арнайы логопед маманымен қамтылған, барлығы 30,3 пайыз. Инклюзивтік білім алуға жағдай жасаған жеке мектепке дейінгі ұйымдардың үлесін 50 % дейін жеткізу мақсатында ЖК Е.М.Әлиев инклюзивті жеке балабақша ашуға ұсыныс білідіріп, қолға алынып, жұмыстар жүргізілуде.

 

Жалпы орта білім беру ұйымдары туралы:

Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша 50 жалпы орта білім білім беру  ұйымдары жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, олардың 5 бастауыш,           6 негізгі, 39 орта мектептер. Биылғы оқу жылында 5 бастауыш мектептерге – 58; 6 негізгі мектептерге – 388; 39 орта мектептер – 16999; барлығы 50 мектепке 17445 оқушы қамтылды.

Пандемияға кезеңіндегі еліміздегі төтенше жағдайдың жариялануына сәйкес білім бөліміне қарасты 49 мектептің (17265 бала) дәстүрлі оқыту үдерісімен 31 мектебі (3586 бала), аралас оқыту форматымен 18 мектебі (1985 бала – кезекші сыныпта, 11694 бала - қашықтан оқыту) оқуда.

Аудандағы жалпы орта білім беретін мектептерде 2489 мұғалім (жоғары білімді – 2309, арнаулы орта білімді – 180) жұмыс жасайды. Олардың ішінде, «Магистр» академиялық дәрежесі бар педагог қызметкерлер саны – 15. Мұғалімдердің 85 пайызы (2120 мұғалім) оқытудың жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілігін арттырған. Көшбасшылық (9 айлық) курсынан – 38 мектеп директоры,           11 орынбасар, деңгейлік бағдарлама бойынша 3 айлық курстан –                       9 директор, 95 орынбасар, басшылық бойынша менеджмент курсынан           25 директор, 79 орынбасар өткен.

Ағылшын тілін білу В1 деңгейі бар мұғалімдер саны – 85, ал ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар педагогтар саны – 6. Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа жүйесі бойынша 1163 педагог маман (модератор - 443, сарапшы – 503, зерттеуші - 215, шебер - 2) санаттарын алса, біліктілік санаты қолданыстағы мұғалім саны – 588 (жоғары – 36, І санатты – 253, ІІ санатты - 299), санатсыз мұғалім – 738 – ді құрап отыр.

Арал ауданындағы мектептердің жаңа модификацияланған пән кабинеттерімен қамтамасыз етілуі:

2019 жылы - физика кабинеті – 13 (29 пайызы), химия кабинеті – 16 (36 пайызы), биология кабинеті – 14 (31 пайызы) болды.

2020 жылы жаңа модификацияланған 12 физика кабинеті, 11 химия кабинеті мен 13 биология кабинеттері алынды. Нәтижесінде физика кабинетінің жабдықталуы – 56 пайыз (25), химия кабинетімен жабдықталу – 61 пайызды (27), биология кабинетімен жабдықтау – 61 пайызды (27) құрады.

Сонымен қатар робототехника кабинетімен жабдықтау – 14 мектепте болса, жабдықтау көрсеткіші – 31 пайызды құрап отыр.

2020 жылдың 1 қыркүйегінде аудан мектептеріндегі компьютер техникасының саны – 1453 дана болса, оның ішінде оқушылар оқу процесінде пайдаланатыны – 1163 дана. Қазіргі таңда 1697 дана ноутбук, 438 дана компьютер және 567 планшет алынды, сонымен қатар аудандық бюджеттен 136 дана планшет алынып, қашықтықтан оқып жатырған оқушыларға таратылды. Қазіргі таңда жалпы компьютер техникасы саны – 3588 дана. Бұл әрбір 4,8 оқушыға = 1 компьютер техникасы келеді деген сөз. Жалпы аудан мектептер Білім және ғылым министрлігінен 2016 жылы сараптамасынан және«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының мектептерінде апробациядан өткен «Вilimland.kz» цифрлық білім беру контентін пайдалану жұмыстары қолға алынған. Арал аудан мектептерін цифрлық білім беру ресурстарымен қамту, кең жолақты Интернетке қосу және видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары қарқынмен жалғасып, 30 мектеп «Білімлэнд» виртуалды оқыту платформасымен 30 онлайн негізінде және қалған 19 мектеп оффлайн негізінде жұмыс жасаса, «Электрондық күнделік» жүйесімен 100 пайыз қамтылған. Онлайн мектеп платформасымен 36 мектеп жұмыс жасап жатырса, себебі қалған 13 мектеп орналасқан елді мекенде мобильді интернеттің болмауына байланысты 36 мектепке келісім-шартқа отырылған. Сол себепті 1623 мұғалім (70,71 пайызы), 12159 оқушы            (63,07 пайызы) белсенді пайдаланушылары болса, жалпы пайдалану көрсеткіші - 66,89 пайызды құрап отыр.  

Аудан бойынша ұстаздарымыз ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және өзге де  жоғарғы оқу орындары жанынан құрылған орталықтар тарапынан ұйымдастырылған түрлі әдістемелік іс-шаралардан (семинар, форум, пед.оқу, т.б), конкурстар мен байқауларға үздіксіз қатысып, бірі жүлдегер атанса, енді бірі арнайы сертификаттар мен алғыс хаттарына ие болуда. Мұндай шаралар, әрине, педагог мамандардың өз іс-тәжірибесімен бөлісіп ғана қоймай, республика, облыс көлемінде еңбектерін жалпылауын, өзінің қоғамдағы мәртебесін көтеруіне негіз болары сөзсіз. Өткен жылы семинар, форум, пед.оқу, ғылыми конференцияларға қатысып, педагогикалық іс – тәжірибелерін насихаттауға мүмкіндік алған педагогтар саны небары 28 – ді құраса, үстіміздегі жылы 73 мұғалімді құрап отыр. Ал түрлі республикалық және облыстық деңгейдегі кәсіби байқаулардан былтырғы жылы жүлделі орынға ие болған мұғалім саны 23 – ті құраса, биыл 64 – ті құрап отыр. Мұндай өсімнің болуы, қазіргі таңдағы қашықтан өткізілетін шаралардың басымдық танытуынан болып отыр деп есептеймін.  Сондай – ақ, спорттық сайыстар мен әскери-спорттық жарыстардан жүлдегер болған педагогтарымыз бен оқушыларымызда баршылық. Атап атсақ, 2019 жылы спорттық жарыстардың 12 түрінен 47 оқушы, әскери-спорттық жарыстардан                   10 әскери жетекші командалық есепте жүлделі орынға иеленсе, ағымдағы жылы спорттық сайыстың 3 түрінен 18 оқушы командалық есепте жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтсақ, Әл-Фараби 1150 жылдығына арналған облыстық ғылыми жобалар байқауынан І орын – 1 (№ 83 ом); ІІІ орын – 1 (№ 13 ом) иеленіп, республикалық турынан ІІІ орын – 1 (№ 83 ом). «Ата заң – алтын тұғырымыз» облыстық шығармалар байқауы: І орын -1 (№220 о/м) ; ІІІ орын -1 (№220 о/м) . ХХІ республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінде:    ІІ орын -1 (№260 о/м). «Шешеннің тілі – шебердің бізі» облыстық полиглот байқауынан: ІІІ орын -1 (№62 м-л). «Тіл мерейі, ел мерейі» облыстық мәнерлеп оқу байқауынан: І орын -3 (№57, №13, №83 орта мектептер);               ІІ орын -5 (№177, №13, №83, №13, №13); ІІІ орын – 6 ( №13, №13, №13, №13, №57, №13); «Ұстазым менің, ұстазым» облыстық шығармалар байқауынан: ІІ орын -2 (№262 м-г, №№14 м-л). «Экология және біз» облыстық эссе конкурсы: ІІ орын -1 (№67 о/м); ІІІ орын – 1 (№75 о/м). «Елбасы жолы» облыстық эсселер байқауы: ІІ орын -2 (№220 о/м, №14 м-л); «Абай әлемі» облыстық шығармашылық байқауы: ІІІ орын -2 (№220 о/м, №62 м-л); «Елін сүйген, жерін сүйген Елбасы» облыстық ақындар Мүшәйрасы: І орын -1 (№73 о/м); ІІІ орын -2 (№71 о/м, №83 о/м). «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілген «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың «Үздік авторлық жоба» облыстық байқауынан №14 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анесова Ақгүл жүлделі І орын иеленді. Республикадан Алғыс хат және арнайы сыйлықпен марапатталды. «Үздік дефектолог – 2020» облыстық байқауында №19 орта мектебінің дефектологы Г.Сақташова ІІІ орын алды. «Үздік мектеп тренері» облыстық конкурсынан І орынды № 262 мектеп – гимназия директорының орынбасары Ж.Құрманәлиева иеленді. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы, "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 30 қараша – 3 желтоқсан аралығында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларына арналған Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми жобалар конкурсының республикалық қорытынды кезеңі өткізілді. ІІІ орын иегері: Нағидулла Райымбек – Арал ауданы,              №83 мектеп, 11 сынып, 2. Жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында «Елбасы және тарих» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас ғалымдар конкурсының қорытынды ақпараты: 2020 жылдың 27 қарашасы күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында «Елбасы және тарих» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас ғалымдар конкурсы өткізілді. ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Нағашыбаева Жұлдызай- Арал ауданы, №177 мектептің 8 сынып оқушысы; ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Ідірісова Арайлым- Арал ауданы, №67 мектептің 8 сынып оқушысы; Жалпы білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында қашықтан әлеуметтік желі арқылы облыстық Vine Fest бейнеролик байқауының қорытынды ақпараты: 1 сыныптар бойынша: І дәрежелі диплом иегерлері: Жоламан Нұрсұлтан- Арал ауданы, №231 мектептің 1 сынып оқушысы.             ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Серік Кәусар, Жоламан Нұрсұлтан- Арал ауданы, №231 мектептің 1 сынып оқушылары. Облыстық мектеп оқушылары арасында белтемірге тартылу, қолды бүгіп жазу арқылы денені жерден көтеру, кеудені жерден көтеруден бағдарламасы бойынша өткізілген жарыста - кеудені жерден көтеру бағдарламасы бойынша               №13 мектептің 11б сынып оқушысы Қажымұратова Жаңагүл ІІ орын иеленді; Қолды бүгіп жазу арқылы денені жерден көтеру бағдарламасында №14 мектеп-лицейінің 10б сынып оқушысы Курманбаев Жанибек ІІІ орын иеленді. Облыстық 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мектеп оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен ІІ орын. "АК-47 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау" №231 орта мектебінің 11б сынып оқушысы Төкенұлы Әлімгерей; ІІ орын. АК-47 оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау №71 мектептің 11а сынып оқушысы Құлманов Рамазан; ІІІ орын. Кермеге тартылудан №62 мектеп-лицейінің 11а сынып  оқушысы Әділсейтов Ақарыс.

Қазіргі таңда Арал аудандық білім бөлімінің жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқарушы органында 1 маман,1 әдіскер барлығы 2 қызметкер жұмыс жасайды. Аудан  есебінде тұрған  0-18 жас аралығындағы балалар саны  27343 (оның ішінде қызы 13166)  оның ішінде жалпы білім беретін мектеп саны 50 оның ішіндегі бала саны 17445, аз қамтылған бала саны 3697, көп балалы отбасылар саны 1860, негізгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар келсек саны-66 оның ішінде 36 қыз, 30 ұл.  66 баланың  30 қамқоршы, 36 қорғаншы болып тағайындалған. 66 баланың 39 жетім 27 а.қ.қ.қ.б. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 66 бала оның мектеп жасындағы 47 бала, 3 бала балабақшада, 1 үйде денсаулығына байланысты, 12 колледжде, 3 ЖОО оқиды. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мектепте оқитын балаларға, жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан оқулықтармен, киіммен қамтамасыз етілді. Мектепке жол акциясы кезінде демеушілер тарапынан 40 балаға планшет, ноутбук, нэтбуктар интернет модемдер және мектеп балансындағы планшеттер табысталса, оқу құралдар мен киімдер берілді. Олардың 66-ы «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі арқылы уақытылы ай сайын 10 АЕК есебінде жәрдемақы алады. оның ішінде мүгедектігіне байланысты 1-і зейнетақы алады.  

Арал ауданы бойынша 570 бала мүмкіндігі шектеулі болып танылып, оның 248 – і білім беру ұйымдарында білім алады, 32 – і психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінде арнайы көмек алады. Сонымен қатар, сөйлеу қабілеті бұзылған 34 бала логопедиялық пункттердің көмегін алса, 59 бала инклюзивті сыныпта, 99 бала үйден оқиды. Қазіргі таңда                     22 мектепте дефектолог, 1 мектепте логопед маманымен қамтамасыз етілген, 47 пайызды құрайды. Жол картасымен 2020 жылы 9,5 штат беріліп 10 мектепке арнайы дефектолог маманы алынды. 8 мектепке арнайы инклюзивті қолдау кабинеттері беріліп, толық жабдықталып, үнемделген қаржыға тағыда 8 мектепке инклюзивті кабинеттер жабдығы алынды. Аудандық білім бөліміне қарасты 49 жалпы білім беру ұйымы бар, Арал қаласындағы №220 орта мектепте психикалық дамуы кешеуілдеген (ЗПР) 7 cыныпта 47 бала білім алады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға демалыс бөлмесі жабдықталған. №64 орта мектебінде психикалық дамуы кешеуілдеген (ЗПР) 2 сынып (12 бала) бар.

Инклюзивті білім алуы үшін арнайы оқулықтарға жергілікті бюджеттен 2020 жылы 396,850 теңге қаржы бөлініп, мүмкіндігі шектеулі ақыл ойы кешеуілдеп дамыған және көру қабілеті нашар 6,7,8 сыныптың                        6 оқушысына арнайы оқулықтар таратылып берілді.

41 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ беріп отырған            1184 мұғалім бар, олардың 95 пайызы біліктілік арттыру курсынан өткізілді. Жалпы мектеп партасында отырған 248, арнайы сыныптағы - 59, үйден оқитын - 99, мүмкіндігі шектеулі оқушының 256 (68%) қосымша біліммен қамтылған, мектепішілік үйірмелерден бөлек, «Еріктілер» жылына байланысты ақысыз негізде «До-Рем-МИ» би студиясының би үйірмесіне - 10, Робототехникаға - 6, дизайнға - 6, вокалға - 6 бала қамтылса, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры №14 мектеп-лицей мен №64 орта мектеп жанынан мүгедек балаларға арналған ақысыз негіздегі 2 спорттық «Бочча» үйірмесін ашып, 20 бала қамтамасыз етілді.

Аудандық оқушылар Үйіне 250 орындық жаңа ғимарат құрылысы пайдалануға беріледі. Осыған орай, қосымша білім беру ұйымдарына (Оқушылар Үйі - 965, Өнер мектебі – 243 (оның ішінде, Аманөткелдегі филиалда-13, Сексеуіл кентіндегі филиалда-22)) және спорт мектептеріне (1946 бала) – 3154 бала, сонымен бірге, Мәдениет Үйлеріндегі, аудандық ППТК және жақында ашылған «IQ» қосымша білім беру орталығындағы үйірмелерге, параолимпиадалық спорт секциясына, «Дореми» би студиясына – 1203 бала, барлығы 4357 бала (25 пайыз) қамтылды.

Аудан бойынша 1 – 4 сынып аралығындағы «Жас Қыран» ұйымына мүшелікке алынған балалар саны – 5282 (71 пайыз), «Жас Ұлан» ұйымына мүшелікке алынған бала саны – 7898 (86 пайыз).

Өнер мектебі бойынша халықаралық байқаудан – 15, республикалық байқаудан – 87, облыстық – 27; Оқушылар Үйі бойынша халықаралық байқаудан – 7, республикалық байқаудан – 22, облыстық – 20.

Аудандық білім бөліміне қарасты 49 мектептің 42-де спорт зал қаралған, оларда 46 спорт зал, 3 ату тирі, 6 ыңғайластырылған спорт залдар бар. Қазіргі таңда мектептерде 34 баскетбол, 40 волейбол,                  14 футбол алаңы және 28 жасанды төсеніші бар спорттық алаңдармен қамтамасыз етілген. Мектепішілік 367 спорттық секцияға – 8320 оқушы           (47 пайыз) қамтылған.

Құрылыс және материалдық - техникалық жұмыстар жөнінде:

Сексеуіл кенті 300 орын: Арал ауданы, Сексеуіл кентінде қазіргі таңда 15 мыңға жуық халық тұрады. Кенттің орталығынан үлкен темір жол торабы өтеді. Кенттегі 3 мектептің (№87,231 және 177 мектептер) барлығы темір жолдың бір жақ бетінде орналасқандықтан екінші жақ бетінде тұратын 360 оқушы 13 шойын жолды кесіп өтуге мәжбүр болып отыр. Бұл өз кезегінде балалардың өміріне қауіп туғызуда. Сонымен қатар, Сексеуіл кенті 2016 жылдан бастап «Бейнеу-Жезқазған» темір жолы пайдалануға беріліп, кент тоғыз жолдың торабына айналды. Өз кезегінде халық саны да жыл санап өсуде. Сексеуіл кентіндегі №231 мектеп 150 балаға арналғанымен 480 бала білім алуда және №87 мектеп 350 бала арналғанымен 804 бала білім алуда. Аталған жағдайды ескере келе Арал ауданында 2018 жылы 3 ауысымдық 2 мектеп пайда болуы мүмкін. Қазіргі таңда Сексеуіл кентінде 300 орындық мектебіне жол картасы бағдарламасы есебінен 733 153,236 мың тг.ге бөлініп, «Энергомэра» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс орнында 84 адам жұмыс жасауда.

Оқушылар үйі жаңа құрылыс: Облыстық бюджеттен 250 орындық оқушылар үйі құрылысын Бас мердігер “SRS Инжиниринг ЖШС” жүргіілуде. Жобалық құны 289 238 670 тг-ні құрайды. 2020 жылдың 4-ші жарты жылдығында қолданысқа берілу жоспарлануда.

Жақсықылыш қосымша құрылыс: Ауыл-Елбесігі» бағдарламасы аясында әлеуметтік мекемелерге күрделі жөндеу және қосымша құрылыс жүргізу енгізілген. Осыған сәйкес  № 19 орта мектепке қосымша                     100 орындық жапсаржай салу құрылысының мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп мердігер «Самат-Мунай» ЖШС-і жеңіп алды. кәзіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бейнебақылаулар (ішкі және сыртқы): Бейнебақылаумен жабдықтауға байланысты биыл 2020 жылы 11 мектеп бейнебақылау камераларымен және арнайы каналмен аудандық ішкі істер бөліміне қосылған, қалған 38 мектеп мектепішілік ішкі және сыртқы бақылау камераларымен жабдықталды, қазіргі таңда барлық мектептер 100 пайыз ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларымен қамтылған.

Аудан мектептеріндегі ішкі әжетханамен қамтылмаған орта мектептерде құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жылы әжетханалармен қамтылмаған 15 мектептің 8 (13,14, 83, 220, 57, 58, 69, 72)  мектебіне ЖСҚ дайындалып, меклекеттік сатып алу арқылы құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сондай ақ мектептерің істен шыккан әжетханаларды іске қосу үшін қажетті құрал алынып жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы аудандағы мектептер толықты ішкі әжетханалармен қамтылды.

Қарақұм ауылдық округінде орналасқан №59 орта мектеп, Ақбасты елді мекеніндегі №22 мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

№59 мектеп спорт залы және кітапханасының  шатырын ауыстыру, спорт зал мен кітапхананың қабырғалары мен төбесін сылап, штукатуркалау жұмыстары жүргізілді. (5 522,799 тг)

№22 мектеп ішкі сылақ және есіктер ауыстыру жұмыстары жүргізілді (1 075,0 тг)

Оқулықпен қамту: Жаңа оқу жылыңа оқулыққа 141 869,2 мың теңгеге 11 баспамен келісім шарт жасалынып жеткізіп беру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта кітап қорының 100 пайыз баспадан алынып, мектеп оқушыларына таратылып берілді.

Санитарлық талаптарды сақтауға арналған заттар:

Санитарлық талаптарды сақтауға арналған заттарды алуға 30 576,0 мың теңге қаржы қаралып мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп төмендегі жеңімпаздар анықталып, заттары алынды. Атап айтар болсақ, кварц шамдарын - 4 900,0 мың теңге; тері антисептигі -5 733,0 мың теңге; дезинфекциялық тоннель -15 150,0 мың теңге; байланыссыз термометрге -773,8 мың теңге; санитайзер – 740,9 мың теңге.

 

 

Арал ауданының әкімі М.Оразбаевтың

білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесінде жасайтын «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасы

 

Арал қаласы                                                27 тамыз, 2020 жыл

 

 

        Құрметті тамыз кеңесіне қатысушылар,

        Қадірменді ұстаздар!

Сіздердің баршаңызды білім қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз мәслихатынан бастау алатын жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

1-слайд:Ұстаз есімі – әрбір жанға ұлағатты да өнеге боларлық есім. Халқымыз ол туралы «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла», «Ұстазсыз шәкірт тұл» деп ұрпағына өсиет қалдырған. Күш-қуаты жалын атқан батырға да, ел басқарар әкімге де, ғұлама ғалымға да тәлім – тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатқан Сіздердің, қадірменді ұстаздар, өлшеусіз ерен еңбектеріңіз қашан да үлкен құрметке ие! 

***

Енді, назарларыңызды ауданның білім саласын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарына аударғым келеді.

№ 2 – слайд: Ауданда жалпы орта білім беретін                        49 мектеп, 53 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Орта білім беретін мектептерге 17447 оқушы, балабақшаларға 1-5 жас аралығындағы 3672 бала қамтылады деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, барлық мектеп және мемлекеттік балабақшалар санитарлық талаптарды сақтай отырып, өз жұмыстарын бастайды.

3 – слайд: Өздеріңізге мәлім, қашықтан оқыту жүйесінің жалпы орта білім беретін мектептердің оқыту қызметіне дендеп енуі пәннің ғылыми негіздері мен оқу мазмұнын балаға меңгерту техникасына бірталай өзгерістер енгізуді қажет етіп отыр. Яғни, бұл сапалы білімнің қарқынды дамудың басты шартына айналғандығының белгісі екені даусыз.

4 – слайд: Әрине, санитарлық - эпидемиологиялық ахуал барысында шәкірттерге кенен ғылым мен кемел білімнің дәнін себетін педагогтерімізден қашықтықтан оқыту үдерісі аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Соның ішінде, білім беру ісіне инновациялық технологияларды ендіріп, үнемі кәсіби шеберлік деңгейін көтеруде ізденіс жолында жүрген, өзге әріптестеріне үлгі болатын ұстаздарымыз көп-ақ. Атап айтқанда, аудандағы 2425 мұғалімнің 40 пайызы  жоғары және І, ІІ санаттарға ие болса, жаңа үлгідегі кәсіби біліктілік санатын алған ұстаздар          48 пайызды құрап отыр.  

***

5 – слайд: Мемлекетіміз Егеменді еліміздің ертеңі – жастардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау саясатын басты назарда ұстап келеді.  

6 – слайд: Осыған орай, аудандағы типтік жобадағы мектептер санын ұлғайту, жыл сайын мектептерге күрделі және жай жөндеу жұмыстарын жүргізу, қосымша ғимараттар салуға бөлінетін қаржы мөлшері артуда.  

Биылғы жылы білім саласына бөлінген қаржы мөлшері –  12 млрд. 657 млн 532 мың теңге. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 32 пайызға өсіп отыр. 

7 – слайд: Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп құрылысы (733 млн. 153 мың теңгенің 302 млн. 189 мың теңге), Жақсықылыш кентіндегі № 19 орта мектепке 100 орындық қосымша құрылыстары жүргізілуде.

8 – слайд: Қазіргі таңда Сексеуіл кентіндегі мектеп ғимаратының 1, 2 және 3-блоктарының құрылыстары, сонымен бірге, аудандағы Оқушылар үйінің құрылысы қарқынды жүруде. Аталмыш нысандар 2020 жылдың желтоқсан айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

9 – слайд: Арал қаласындағы № 71, Тоқабай елді мекенінде орналасқан  № 248 орта мектептері және Ақшатау елді мекеніндегі бастауыш мектеп апатты жағдайдағы мектептер деп танылып, құрылыс салу жұмыстарының жоба – сметалық құжаттары әзірленді.

10,11 – слайдтар: Сонымен бірге материалдық – техникалық базаны жақсарту мақсатында үстіміздегі жылы аудан мектептері 36 кабинеттік жүйемен (физика-12, химия-11, биология-13) қамтамасыз етілсе, бүгінгі таңда штаттық және аралас оқыту форматындағы үдеріс кезеңінде санитарлық нормаларды сақтау үшін аудандық бюджеттен шамамен                30 млн. 576 мың теңгеге қажетті көлемдегі антисептик, кварц лампасы және дене қызуын өлшейтін құрылғылар сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

12,13 – слайдтар: Ауданымызда заманауи үлгідегі мектептер саны жыл сайын көбейгенімен, сұлбасы мықты, дегенмен, ескі үлгіде салынған мектеп ғимараттары да жетерлік. Олардың 15-і ішкі әжетханалармен қамтылмаған. Осыған орай, жаз бойы 6 мектепте (14, 71, 83, 220, 58, 177) ішкі әжетханалар құрылыстары жүргізіліп аяқталды. Қалған                   9 мектептегі (13, 57, 69, 72, Жалғызағым, Ақшатау, Мойнақ, Құрлық, Көнту бастауыш мектептері) әжетхана құрылысының жұмыстары аяқталуға жақын.

14 – слайд: Мектеп ғимараттарына бейнекамера орнату мақсатында ағымдығы жылы облыстық бюджеттен 39 млн.          303 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

15 – слайд: 49 білім беру мекемесінің 10 - ы қатты отынмен, 33 - і сұйық отынмен, 6 - уы көгілдір отынмен жылытылады (1165 тонна – қатты отын, 950252 литр сұйық отын қыркүйек – желтоқсан айларына қаралған).

16 – слайд: Аудан мектептеріндегі оқыту стандарттарын жаңарту мақсатындағы жұмыстар әлі де жалғасын табуда. Алдағы оқу жылында 11 – сыныптар жаңартылған білім мазмұнына өтеді.

17 – слайд: Осыған орай, 11 – сыныптарды жаңа буын оқулықтарымен және 1-10-сынып аралығындағы жетіспейтін оқулықтармен қамту мақсатында аудандық бюджеттен 141 млн. 871 мың теңге қаржы бөлінді. 11 баспамен келісім - шарт бойынша оқулықтар 100 пайыз алынды.Бүгінгі күні мектеп кітапханалары қорындағы барлық оқулықтар балаларға таратылып берілді.

18 – слайд: Қазақ халқында керемет сөз бар, "Қыс қамыңды жаз ойла" деген. Бүгінгі күннің өзінде