Арал аудандық білім бөлімі ауданда барлық білім мекемелерінде Қамқоршылық кеңес өзгерістермен қайта құрылатындығын хабарлайды. Аталған кеңес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 25 шілдедегі №355 бұйрығына және осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123 бұйрығы (әрі қарай-үлгілік қағидада) талаптарының ресми жариялануына байланысты бекіту туралы” қағиданы басшылыққа ала отырып құрылады. Осыған байланысты білім беру ұйымдарынан құрылатын Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығын назарларыңызға жеткіземіз.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері ;
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар.
Қамқоршылық кеңес құрамына «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар: психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде айтылған адамдар кіргізілмейді.
Аудандағы барлық білім беру ұйымдары Қамқоршылық кеңестерінің құрамын Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде аудандық білім бөлімі бекітеді.
Білім мекемелерінде құрылатын Қамқоршылық кеңес құрамы жөнінде ұсыныстар ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады.